Новости KAZ

Қарағандыдағы ақсақалдар өнер байқауы

Қарағанды қаласында Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ардагерлер ән салады» облыстық мерейтойлық фестивалі өтті. Маңызды мәдени шараға отызға жуық шығармашылық ұжым қатысып, өз өнерлері арқылы майдангерлер ерлігін және тарихи оқиғаның рухын көрсетті.

Балқаштың намысын "Коунрад" Қорының спонсорлық қолдауымен фестивальде «Балқаш сазы» және «Живая память» халық хоры қорғады. Олардың орындауындағы «Кестелі орамал» және «Казаки в Берлине» туындылары көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Әндерге сүйемел болған балқаштық бишілердің қойылымдары өнер нөмірлеріне театрлық әсер берді.

Өнерпаздар өз алғыстарын «Коунрад» корпоративтік қорының басшысы Ник Ширли мырзаға білдірді. Фестиваль барысында қатысушыларға «Зумрат» қонақ үйінде жайлы тұру ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шараның өтуіне Балқаш қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы Тайтоleу Жұмановтың қолдауы зор болды.

«Коунрад» корпоративтік қоры мәдениет пен шығармашылықты қолдау арқылы тарихи мұраны сақтау мен қоғамдағы рухани байланыстарды нығайтуға үлес қосуда.
2025