«Balkhash STEAM Serpini» ғылым, технология және шығармашылық фестивалі Балқашта өтті
2025 жылғы 16 мамырда Ағыбай Батыр атындағы Оқушылар сарайында «Balkhash STEAM Serpini» фестивалі өтті — бұл білім беру және ғылымды танымал етуге бағытталған іс-шараға 500-ден астам қонақ қатысты.
Фестиваль 2024/25 оқу жылы бойы Балқашта жүзеге асырылған «Balkhash STEAM Serpini» білім беру бағдарламасының қорытынды кезеңі болды. Бұл бастама «Коунрад» қорының қолдауымен және «Орталық Азияның Еуразия Қоры» (ОАЕҚ) арқылы жүзеге асырылды. Бағдарламаның мақсаты — сыни ойлау, пәнаралық дағдылар мен командалық жұмысты дамытуға бағытталған заманауи оқыту әдістерін енгізу.
Фестиваль күні Оқушылар сарайы нағыз интерактивті алаңға айналды. Оқушылар өздерінің STEAM-жобаларын ұсынды: чат-боттар мен ауа тазарту жүйелерінен бастап экологиялық тақырыптағы комикстерге, анимациялық жұмыстарға және метеостанцияларға дейін. Қонақтар роботтар сайысын, оқушылар мен мұғалімдердің жобалар көрмесін, жергілікті және шақырылған сарапшылардың дәрістерін, сондай-ақ балаларға арналған шеберлік сабақтарын тамашалады.
«Біз әр баланың зор әлеуеті бар екеніне сенеміз. Біздің мақсатымыз — олардың шығармашылығын, қызығушылығын және білімге құштарлығын дамыту. Қор үшін маңыздысы – тек жобаларды қаржыландыру емес, сонымен қатар балалар еркін дамып, жаңалық ашудан және қателесуден қорықпайтын шабытты, қауіпсіз орта құру», — деді «Коунрад» қоры басқармасының мүшесі Виталий Логачев.
Бағдарлама аясында Балқаштың жеті мектебінде STEAM бағытында 18 факультативтік курс енгізілді. Оларды 282 оқушы тәмамдады, ал 46 мұғалім кәсіби даму бағдарламаларын сәтті аяқтады. Сонымен қатар, заманауи білім беру талаптарына сай жаңа оқу кабинеттері жабдықталды және бейімделді.
«Фестиваль балаларға дербес зерттеу мен тәжірибе жасау мүмкіндігі берілгенде олардың қаншалықты үлкен әлеуетке ие екенін көрсетті. Біздің оқушылар білімдерімен ғана емес, техникалық дағдыларымен және жауапкершілік сезімімен де таңғалдырды. Мұндай жобалар олардың қабілетін ашып, табысты болашағына жол ашады», — деді ОАЕҚ білім беру бағдарламаларының директоры Салтанат Ноғайбаланова.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, фестиваль бағдарлама бірінші жылының қорытындысы ғана емес, сонымен бірге балалар мен жастардың ғылымға, технологияға және заманауи білімге қызығушылығын арттырудағы маңызды қадам болды. Тұрақты қолдау көрсетілген жағдайда мұндай бастамалар Балқаш оқушыларының әлеуетін және жалпы білім беру ортасын дамытуға елеулі үлес қоса алады.
«Balkhash STEAM Serpini» бағдарламасы «Коунрад» қорының бастамасымен және қаржылай қолдауымен «Орталық Азияның Еуразия Қоры» тарапынан әзірленген.
«Орталық Азияның Еуразия Қоры» (ОАЕҚ) — 2005 жылдан бері Қазақстан мен Орталық Азияда әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келе жатқан қоғамдық коммерциялық емес ұйым. Қор жастар мен білім беру, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды қолдау, шағын және жас ҮЕҰ әлеуетін арттыру, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, азаматтық қатысу және тиімді басқару бағыттарында жұмыс істейді.