Қоныраттағы Наурыз: бірлік пен мейірім мерекесі
Биыл Қонырат шағын ауданындағы Наурыз мерекесі ерекше жарқын және жылы атмосферада өтті. «Коунрад» корпоративтік қорының құрылтайшылары – «Сары Казна» ЖШС мен «Медная компания Коунрад» ЖШС тұрғындар үшін көктемнің, бірліктің және көршілік татулықтың шынайы мерекесін ұйымдастырды.
Таңертеңнен бастап шағын ауданның тұрғындары мен қонақтары киіз үй жанындағы алаңға жиналып, жаңару мен берекенің, келісім мен ырыстың нышаны – Наурызды қарсы алды. Бағдарламада жергілікті өнерпаздардың концерттік нөмірлері, спорттық жарыстар мен сыйлықтар таратылған викториналар өтті.
Мерекені шағын ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Абдуллин бата беріп ашты. Одан кейін қатысушылар мен қонақтарды «Сары Казна» ЖШС бас директоры Раулан Қозғамбаев пен «Медная компания Коунрад» ЖШС бас директоры Виталий Логачев құттықтады.
Олар өз сөздерінде Наурыздың көктемгі күн мен түн теңелу мейрамы ғана емес, рухани және отбасылық құндылықтар қайта жаңғыратын уақыт екенін атап өтті. Бұл кезеңде жақындарға қамқорлық пен мейірім көрсету ерекше маңызды.
Мереке аясында «Коунрад» корпоративтік қоры Қонырат шағын ауданының ардагерлері мен зейнеткерлеріне 40 азық-түлік себетін дайындап, табыстады.
Бұл игі іс Қордың аға буын мен ерекше назарды қажет ететін отбасыларды қолдау дәстүрінің жалғасы болды.
«Біз үшін тұрғындарды тек жарқын мерекелермен қуантумен шектелмей, қашанда ақсақалдарымызға қамқорлық көрсету – басты парыз. Үлкендерді қадірлеу – халқымыздың дәстүрі мен рухани тамырына деген құрметтің белгісі», – деді «Сары Казна» ЖШС бас директоры Раулан Қозғамбаев.
Мереке аясында қонақтарға наурыз көже, бауырсақ және хош иісті палау ұсынылды.
Көңілді ойындар, балқаштық танымал өнерпаздардың концерті және тұрғындардың көтеріңкі көңіл-күйі бұл күнді ерекше есте қаларлық етті.
Қоныраттағы Наурыз – Қор құрылтайшылары мен шағын аудан тұрғындарының бірлескен еңбегі адамдарды біріктіріп, өмірді жылылыққа, ізгілікке және туған жерге деген мақтаныш сезіміне толтырған жарқын мысал болды.